10:09, 05 Қараша 2020 | GMT +6
Қазақстанда 237 судьяның бос лауазымына конкурс жарияланды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Қазақстанда 237 судьяның бос лауазымына конкурс жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Жоғары сот кеңесінің сайтына сілтеме жасап.
2 қарашада Жоғары сот кеңесі 237 судьяның бос лауазымына орналасу үшін конкурс жариялады, оның ішінде:
облыстық және оған теңестiрiлген соттардың сот алқалары төрағаларының бос орыны – 10;
аудандық және оған теңестiрiлген соттардың төрағаларының бос орыны – 98;
облыстық және оған теңестiрiлген соттар судьяларының бос орыны – 19;
аудандық және оларға теңестiрiлген соттар судьяларының бос орыны – 110.
Нақты лауазымдар және кандидаттарға қойылатын талаптар туралы толық ақпарат кеңестің сайтында vss.gov.kz орналасқан.