Қазақстанда 21 желтоқсан күні болатын маңызды шаралар аңдатпасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 21 желтоқсанда болатын маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

10.00-де Азат Перуашев бастаған «Ақ жол» партиясының үгіт-насихат тобы елорданың жас сайлаушыларымен кездеседі.

11.00-де «Пиротехника» жедел алдын алу шарасы» тақырыбында онлайн-көрсетілім форматында брифинг өтеді. Спикер – ҚР ӘПК-нің басқарма бастығының орынбасары Асылбек Ыдырысов.

13.00-де ҚР Тұңғыш Президенті музейінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіз ұрпақ» ауқымды шарасы өтеді.

16.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту жөніндегі заңнамалық шаралар туралы» баспасөз мәслихаты өтеді.

Спикерлер: ҚР Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Василий Олейник және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов. Көрсетілім сілтемелері :

АЛМАТЫ

11.00-де Zoom конференциясы арқылы Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің №2 комиссиясының кеңейтілген отырысы өтеді. Отырыста 2019 және 2020 жылдың 11 айы бойынша «Қалалық ветеринарлық қызмет» ШЖҚ есебі тыңдалады.

11.30-да Алматы өңірлік коммуникациялар қызметінде Мектепке дейінгі білім берумен қамтуды арттыру және интернат мекемелерінің жұмысы бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы онлайн-брифинг өтеді. Спикер - Алматы қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары Айсұлу Ботаева.


Соңғы жаңалықтар