23:15, 17 Қаңтар 2020 | GMT +6
Қазақстанда 18 қаңтарда өтетін маңызды шараларға шолу
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 18 қаңтарда Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.
НҰР-СҰЛТАН
10.00-де Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығымен бірлесіп, «Донор күні» қайырымдылық акциясын өткізеді.
11.00-де Назарбаев Университетінде Қазақстанның Жауынгерлік өнер қауымдастығының II Конгресі өтеді.
15.00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде «EСOSOPHY немесе киелі табиғат» кітабының тұсаукесері өтеді.
15.30-да Rixos President Astana қонақ үйінде «Халықтың сүйіктісі»/«Народный любимец» сыйлығының жеңімпаздары марапатталады.
АЛМАТЫ
14.30-да Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-да ҚР Денсаулық сақтау министрі Е. Біртановтың қатысуымен Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы семинар өтеді.