Қазақстанда 14 қазанда өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстан қалаларында 14 қазан күні өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

Сағат 09.00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде 2019 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары бойынша республикалық бюджеттің игерілуі мен әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы, егін жинау кампаниясының аяқталуы бойынша мәселелер қаралады.

Сағат 10.00-де «AstanaMarriottHote» қонақ үйінде ҚР Сауда және индустрия министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитеті мен стандарттау бойынша ұлттық орган форум өткізеді.

АЛМАТЫ

Сағат 11.00-де «АТАКЕНТ» парктік аумағында «Атакент ардагерлері аллеясы» салтанатты түрде ашылады.

Соңғы жаңалықтар