Қазақстанда 10 мыңнан астам жол белгілері орнатылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жыл сайын Қазақстанда қыс айы өтіп, көктемгі су тасқыны орын алғаннан кейін жол жабындысын жақсарту және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған ауқымды жұмыс жүргізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram-ында жарияланған ақпаратқа сәйкес, «ҚазАвтоЖол» жұмысшылары еліміздің жолдарында шамамен 10 500 жол белгісін, 2500-ден астам шақырым белгі, 410 ақпараттық панно және шамамен 32 мың дабыл бағанын орнатады. Бұған қоса, 600 мың шаршы метр республикалық автожолды жөндеу жоспарланып отыр. Мұнан бөлек, республикалық жолдарда шамамен 40 мың текше метр қоршауды және 180 автомобиль павильонын жөндеу көзделген.

Жалпы, биыл жол жөндеушілер жұмысын 14 бағытта атқарады. Жұмыстардың барлығы жол жабындыларының бұзылған жерлерін жөндеу, сондай-ақ жол қозғалысының қауіпсіздігі мен үздіксіздігін қамтамасыз ету жөніндегі кешенді бағдарлама аясында жүргізіледі.


Соңғы жаңалықтар