Қазақстанда 1 наурыздан бастап пойыз билеттері қымбаттайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылдың 1 наурызынан бастап облысаралық және қала маңына қатынайтын барлық әлеуметтік маңызы бар бағыттарға теміржол билетінің құны 7% қымбаттайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ мәліметі бойынша, компания жолаушы тасымалдау сапасын жақсартуға, оның ішінде жылжымалы құрам паркін жаңартуға және қызмет көрсетудің жаңа стандарттарын енгізуге бағытталған шараларды жүргізіп отыр.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ 2018 жылдан 2020 жылға дейін 159 вагон сатып алған. Аталмыш вагондар мына бағыттарға қатынайтын жолаушы пойыздарының құрамында бар : Алматы-Маңғыстау, Нұр-Сұлтан-Сарыағаш, Атырау-Нұр-Сұлтан, Атырау-Алматы, Нұр-Сұлтан-Арқалық, Атырау-Маңғыстау, Алматы-Жезқазған және Нұр-Сұлтан-Семей.

Сонымен қатар, 1 тоқсанда 50 жаңа вагон жеткізіледі деп күтілуде.

Бұл вагондар мына бағыттар бойынша қатынайды: Алматы-Маңғыстау, Қызылорда–Семей, Алматы-Өскемен және Нұр-Сұлтан-Семей.


Соңғы жаңалықтар