Қазақстанда 1 мыңға жуық ломбард тексерілетін болады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстанда маусымға дейін 1 мыңға жуық ломбардтың қызметі тексерілетін болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру аясында шағын қаржы ұйымдары, ломбардтар, онлайн кредит компанияларының қызметі тексерілетін болады. Сонымен қатар 23 наурыздағы тапсырмаға сәйкес халыққа тұтыну несиелерін ұсынатын банкке жатпайтын ұйымдардың қызметі бақылауға алынады. Олардың қызметінің заңдылығы, қаржылық пирамида белгілерінің бар-жоқтығы анықталады», - деді онлайн брифинг барысында ҚР Қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігінің басқарма төрағасының орынбасары Нұрлан Әбдрахманов.

Оның айтуынша, тексеру жұмыстары Қазақстанның 17 қаласында наурыздан маусымға дейін жалғасады. Тексерілетін ломбардтар мен шағын қаржы ұйымдарының көпшілігі Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынла орналасқан.

Наурызда Агенттік, ҚР ІІМ, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдерінен 39 тексеру тобы құрылды.

«1100 ломбардтың 424-і – сәуірде, 323 – мамырда, 353-і маусымда тексеріледі. Сонымен қатар 50 жуық онлайн несие беру ұйымы, 200 шағын қаржы ұйымы тексеріледі», - деді ол.

Ең алдымен рейд барысында несиесін өтеу мүмкіндігінен айрылған ШОБ субъектілерінің төлемдерін тоқтату туралы тапсырма қаншалықты орындалып жатқаны анықталады.

Заң талаптарын бұзу деректері анықталған болса оларға тиісті жаза қолданылатын болады.


Соңғы жаңалықтар