Қазақстан жолдарына IRAP жүйесімен бағалау жүргізіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы мен Халықаралық автомобиль жолдарын бағалау IRAP жүйесі серіктестік туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚР Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес жол-көлік оқиғасы кезінде жыл сайын орта есеппен 2 000-нан астам адам қайтыс болады. Сондықтан Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы жол-көлік оқиғасы кезінде адам өлімін төмендету мақсатында өткен жылдан бастап халықаралық ұйымдармен бірлесіп, IRAP жолдардың қауіпсіздігін бағалаудың жүйесін енгізу жүргізілуде»,- делінген аталған орталықтаратқан ақпаратта.

Бағдарламаның мақсаты - жол қауіпсіздігін арттыру арқылы өлім-жітімді азайту. Қауіпсіздік деңгейін бағалау кезінде жол апатына себеп болатын 50-ден астам түрлі факторге ерекше көңіл бөлінеді. Халықаралық консультанттармен бірлесіп, IRAP әдісі бойынша түсірілім жұмыстары 5 000 шақырым республикалық автомобиль жолдарына жүргізілді және 1 000 қалалық автомобиль жолдарына түсірілім жұмыстары аяқталуға жақын.

«Жол көлік оқиғасы салдарына алдымен адами фактор себеп болса, екіншісі әрине жолдардың сапасыздығы, жол белгілерінің талапқа сай болмауы, техниканың ақаулығы сияқты жағдайлар себеп болуда. IRAP халықаралық бағалау жүйесі міне осы олқылықтың орынын толтырмақ», - дейді Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының бас директоры Замир Сағынов.

2020 жылдың қорытындысында Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының 17 қызметкері заманауи техниканы игеру үшін оқытылды.


Соңғы жаңалықтар