Қазақстан Жасыл болашақ индексі рейтингінде 33-орынға көтерілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан әлемдік The Green Future Index рейтингінде 76 елдің ішінде 33-орынға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Зерттеу нәтижесі Массачусетс технологиялық институтының климаттың өзгеруі проблемаларына бағытталған MIT Technology Review порталында жарияланды.

Аталған рейтингіде жетекші елдердің төмен көміртекті келешекті қалыптастырудағы прогресі, экономиканың - энергетика, ауыл шаруашылығы, индустрия, әлеуметтік салаларының жасыл технологияға көшуі есепке алынады. Яғни, мемлекеттердің қайта өңделетін энергия, инновация мен жасыл қаржыландыруға инвестиция салуы – басты назарда.

Аталған кестеде зерттелген экономика салаларының бір-біріне қатынасы көрсетіліп, көміртек шығарындылары, жасыл қоғам, энергетикалық ауысу, таза инновациялар және климат саласындағы саясат бағыттары бойынша ортақ баға шығарылған.

Қазақстан 4,9 балл алып, 2030 жылға қарай жаңартылатын энергия көздерінен электр қуатын өндіру үлесін 30% жеткізу көзделіп отырғаны атап өтілген.

Алғашқы бестікке Ирландия, Исландия, Дания, Норвегия, Франция мемлекеттері жайғасса, соңғы орындарда Алжир, Ресей, Иран, Парагвай, Катар мемлекеттері тұр.


Соңғы жаңалықтар