Қазақстан және шетел жоғарғы оқу орындары әскери дәрігерлерді дайындап шығармақ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті 2020 жылғы Жолдауында Үкіметке медициналық мекемелерді кадрлармен қамтамасыз етудің ұзақ мерзімді болжамын жасауды тапсырған болатын. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін Қорғаныс Министрлігі әскери-медициналық бейіндегі мамандарды даярлау жоспарларын қайта қарады. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Құрлық әскерлері Әскери институтының курсанттары «әскери істегі логистика» мамандығы, «медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыру» біліктілікілігі бойынша және Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының курсанттары «әскери медицина» мамандығы мен «әскери дәрігер» біліктілігі бойынша

С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде және М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінде білім алуда», - делінген баспасөз хабарламасында.

Хабарламада айтылғандай, биыл Құрлық әскерлерінің Әскери институтын 9 адам аяқтады. 2021 жылы-11 адамды, 2022 жылы – 12 маманды даярлау жоспарларынуда.

«Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институты 15 лейтенантты дайындады, олар одан әрі интернатурада оқудан өтетін болады. 2021 жылы 23 маманды шығару жоспарлануда.

Медицина мамандарын даярлау Ресей, Армения, Түркия және Қытай елдеріндегі әскери жоғары оқу орындарында жүзеге асырылуда. Медициналық көмекті ұйымдастыру үшін қажетті инфрақұрылымды құруға және нығайтуға баса назар аударылуда. Ол әскери емхананы, әскери медицина орталығын, санитарлық-эпидемиологиялық мекемені, медициналық жабдықтау мекемесін, республикалық және облыстық ғылыми емдеу-диагностикалық орталықтарды қамтуы тиіс, сондай-ақ жоғары консультативтік топтың болуы қажет», - делінген хабарламада.

Қазіргі таңда шетелдегі әскери жоғарғы оқу орындарында 28 адам білім алуда. Сондай-ақ, ағылшын және түрік тілдерін меңгерген әскери қызметшілерді түрлі медициналық бейіндік мамандықтар бойынша курстық даярлыққа жіберу мәселесі қарастырылуда.


Соңғы жаңалықтар