Қазақстан және Қырғызстан премьер-министрлері телефон арқылы сөйлесті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Премьер-министрі Асқар Мамин Қырғызстан Үкіметінің басшысы Мухаммедкалый Абылгазиевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Қазақстанның Қырғыз Республикасындағы елшілігінің баспасөз қызметі.

Әңгіме барысына тараптар қазақстандық-қырғыз ынтымақтастығының өзекті мәселелерін талқылады.

Үкімет басшылары азаматтар мен тауарлардың кедергісіз өтуі үшін мемлекеттік шекараның қазақстандық-қырғыз учаскесіндегі бақылау-өткізу пункттерінің одан әрі бірлескен және үйлесімді жұмысын қамтамасыз ету мәселесіне айрықша назар аударды. Бүгінде жүктерді тасымалдау үшін қазақстандық-қырғыз шекарасында ешқандай кедергі жоқ екені атап өтілді.


Соңғы жаңалықтар