16:49, 18 Тамыз 2019 | GMT +6
Қазақстан волейболдан әйелдер арасындағы Азия чемпионатын жеңіспен бастады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Оңтүстік Кореяда волейболдан әйелдер арасындағы Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан құрамасы құрлық біріншілігі аясындағы алғашқы кездесуін Аустралияға қарсы өткізіп, 3:0 есебімен басым түсті.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Аустралия, Жапония және Үндістанмен бірге В тобына түскен.
Ертең, 19 тамызда біздің волейболшылар Жапониямен ойнайды.
Турнир 25 тамызға дейін жалғасады.