Қазақстан үстел теннисінен Олимпиадаға жолдама жеңіп алды

None
None
ДОХА. ҚазАқпарат - Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының спортшысы Анастасия Лаврова Олимпиада ойындарына жолдама жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Осы күндері Катар астанасы Дохада үстел теннисінен Олимпиада ойындарына іріктеу турнирі өтіп жатыр. Аталған бәсекеде ерлер мен әйелдер арасындағы жарыс жеңімпаздарына Олимпиадаға жолдама үлестіріледі.

Әйелдер арасында жекелей сайыстың финалында отандасымыз Анастасия Лаврова бақ сынады. Ол ақтық кезеңде өзбекстандық Мухабо Магдиеваны жеңді. Екеуара кездесу 4:2 есебімен аяқталып, ойын Лаврованың еншісіне шешілді.

Айта кетерлігі, Анастасия Лаврова #TeamKz қоржынына Токио Олимпиадасының 44-інші жолдамасын салды.

ҚР Үстел теннисі федерациясының президенті Данияр Абулгазин Анастасия Лаврованы төртжылдық додасына лицензия алуымен құттықтады.

«Құрметті Анастасия, Қазақстан үстел теннисі федерациясы атынан сізді Токио Олимпиадасына лицензия жеңіп алуыңызбен құттықтаймын. Сіздің Катардағы іріктеу турнирінің финалындағы әсерлі және жігерлі жеңісіңіз - бұл қазірдің өзінде өзіндік жетістік болып саналады. Ал осы спорт түрінен Қазақстан құрамасының 2020 жылғы Токио Олимпиадасына алғашқы жолдама отандық спорт сүйер қауым үшін үлкен қуаныш. Сізді жеңісіңізбен шын жүректен құттықтаймын және Олимпиада ойындарына жемісті және табысты дайындық тілеймін», - делінген жеделхатта.


Соңғы жаңалықтар