Қазақстан үшін сыртқы инфляциялық жағдай күрделі болады – Ұлттық банк

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл Қазақстан үшін сыртқы инфляциялық жағдай анағұрлым күрделі болады. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкі Төрағасының орынбасары Виталий Тутушкин республикалық бюджетті талқылау кезінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Биыл жыл басынан бері геосаяси жағдай ушыққан тұста әлемдік қаржы, тауар нарықтарындағы жағдай құбылмалы болды. Туындаған сын-қатерлердің салдарынан әлемдік экономика күткеннен де баяу дамуда», - деді В. Тутушкин Мәжілістің жалпы отырысында.

Оның айтуынша, халықаралық қаржы ұйымдары әлемдік экономикалық өсімге қатысты болжамын құлдырау бағытына қарай шамамен 1 пайыздық тармаққа қайта қарады.

«Тауар жеткізу проблемаларының күрделенуі жаһандық инфляциялық жағдайды нашарлатып, әлемдегі шикізат тауарлары мен азық-түлік бағасының өсуіне алып келді. Осыған байланысты Халықаралық валюта қоры инфляция болжамын қайта қарап, оның айтарлықтай жоғары деңгейі бұрын болжағанға қарағанда ұзақ уақыт сақталады деп пайымдайды», - деді Ұлттық банк өкілі.

Айта кетейік, Мәжілісте «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы талқыланып жатыр.


Соңғы жаңалықтар