Қазақстан үшін энергетика саласын жаңғырту айқындаушы мәнге ие - Президент

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан үшін энергетика саласын жаңғырту айқындаушы мәнге ие. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 34-жалпы отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз шынайы нарықтық еркіндік пен бәсекелес экономика құруға бағытталған елдің жаңа экономикалық бағдарын жүзеге асырып жатырмыз. Осыған орай инвестициялық ахуалды жүйелі түрде жақсартуға ерекше назар аударамыз», - деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы бүгінгі кеңес отырысының тақырыбы экономиканы декарбонизациялауға және төменкөміртекті технологияларды енгізуге арналғанын атап өтті.

«Бұл мәселе бұрын-соңды осыншама өзекті болған емес. Климаттық өзгерістердің сезілуі, оның ішінде ауа температурасының жоғарылауы бүкіл әлемде байқалады. Сарапшылардың болжамы көңіл көншітпейді. Астық түсімінің және су ресурстарына қолжетімділіктің төмендеу қатері бар. Мұның барлығы кідіріссіз жүйелі іс-шаралар қабылдауды талап етеді. Бүгінде Қазақстанда парникті газ шығарындыларының 80 пайызы қазбалы отынмен энергия өндіруге байланысты. Осынау негізгі фактор елдің климатына теріс әсерін тигізеді. Сондықтан энергетика саласын жаңғырту біз үшін айқындаушы мәнге ие», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Соңғы жаңалықтар