Қазақстан үшін Азия мен Еуропаны біріктіретін трансқұрлықтық көлік дәлізін дамыту маңызды басымдық – Мұхтар Тілеуберді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның «Жусан» және «Русафа» атты гуманитарлық операцияларының арқасында Сирия мен Ирактың әскери іс-қимыл аймақтарынан 600-ден астам қазақстандық оралған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді ЕҚЫҰ іс басындағы төрайымы, Швецияның Сыртқы істер министрі Анн Линдемен өткен кездесуін қорытылаған сөзінде айтты.

«Қазақстан мен ЕҚЫҰ арасындағы ынтымақтастықтың жағдайы мен келешегіне, алдағы жылдарға арналған ынтымақтастық жоспарларына да көңіл бөлінді. Әскери-саяси өлшем шеңберінде халықаралық терроризм, зорлық-зомбылық экстремизмі және киберқауіптер сияқты трансұлттық сын-қатерлер мен қауіптерге қарсы күрес жөніндегі шараларды талқыладық.

Халықаралық терроризмге қарсы іс-қимылдың тиімді мысалдарының бірі Қазақстанның «Жусан» және «Русафа» атты гуманитарлық операцияларының қорытындысы, соның нәтижесінде Сирия мен Ирактың әскери іс-қимыл аймақтарынан 600-ден астам қазақстандық азамат, олардың көпшілігі әйелдер мен балалар елімізге орала алды», - деді министр.

Ведомство басшысы ЕҚЫҰ-ның экономикалық-экологиялық өлшемінде Қазақстан үшін Азия мен Еуропаны біріктіретін өзара байланысты және трансқұрлықтық көлік дәліздерін дамыту маңызды басымдық болып қала бередтінін атады.

«Қоршаған ортаны қорғау саласында ЕҚЫҰ әлеуетін пайдалану бойынша жұмыс жалғасуда. Қазақстанның геосаяси жағдайларында, сондай-ақ біздің еліміздің теңізге шыға алмайтын мемлекет болып табылатынын ескере отырып, өзара іс-әрекет еліміздің көпвекторлы саясатының ажырамас бөлігі болып табылады», - деді Мұхтар Тілеуберді.


Соңғы жаңалықтар