Қазақстан ұшақтарына Ауғанстан әуе кеңістігімен ұшуға тыйым салынды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан ұшақтарына Ауғанстан әуе кеңістігімен ұшуға тыйым салынды. Бұл туралы Қазақстанның авиациялық әкімшілігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 23 қазандағы №373 ДСП қаулысымен бекітілген Авиациялық қауіпсіздік бағдарламасының талаптарына сәйкес, «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ отандық әуе компаниялары азаматтық әуе кемелерінің Ауғанстанның әуе кеңістігін пайдалануына қатысты қатерлер мен тәуекелдерге бағалау жүргізді. Қорытындысында Ауғанстан аумағында және оның әуе кеңістігінде ұшуларды жүзеге асыру барысында жолаушылар және әуе кемелерінің қауіпсіздігіне ықпал ететін тәуекелдер мен қатерлердің бар екендігі туралы шешім қабылданды», - деп атап өтеді ведомстводан.

Жүргізілген бағалау нәтижесі негізінде «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ осы жылдың 16 тамызы күні тұрақты, жүк және чартерлік әуе тасымалын жүзеге асыратын еліміздің барлық әуе компаниясына Ауғанстанның аумағында және оның әуе кеңістігінде азаматтық әуе кемелерінің барлық ұшуларына тыйым салынғаны туралы нұсқаулық жіберген. Бұл жайт аталған елдегі ахуал тұрақтанғанға дейін қабылданып отыр. Дәл осындай нұсқаулық «Қазаэронавиагция» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына да жіберілген.


Соңғы жаңалықтар