+7 (701) 759 90 19
USD 399.67 EUR 452.95
RUB 5.82 CNY 56.36
Jańalyqtar

Қазақстан туын көлігіне жауып алған жүргізуші жазаланды

2020 жылғы 19 мамыр 15:40
Бөлісіңіз:
Қазақстан туын көлігіне жауып алған жүргізуші жазаланды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырауда Туды көлігіне жауып, жол ережесін бұзған жүргізушіге айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, полиция қызметкерлері темір жол вокзалы жанындағы сауда үйінің алдында Қазақстан Республикасының Туын көлігінің капотына жауып алған жүргізушіні ұстаған.


«18 мамыр кешкі сағат 20:30 шамасында «Mitsubishi L300» және «Mercedes Benz» көліктерінің жүргізушілері вокзал алдында жол ережесін бұзып, бірнеше рет айналу маневрін жасаған. Жол жабындысын ластап, сигнал бермеген. Жол қауіпсіздігін сақтамағаны үшін ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 595-бабының 1-бөлімімен, 630-баптың 1-бөлімімен хаттамалар толтырылды» -деп хабарлады баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, бұған қоса «Mercedes Benz» көлігінің жүргізушісіне ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 458-бабының 1-бөлімімен (ҚР Мемлекеттік Туын пайдалану және тәртібін бұзғаны үшін) 138 900 теңге айыппұл салынған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT