+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 454.18
RUB 5.81 CNY 57.66
Jańalyqtar

Қазақстан-Түркия авиарейстері маусым айының соңында жандануы мүмкін

2020 жылғы 22 мамыр 22:13
Бөлісіңіз:
Қазақстан-Түркия авиарейстері маусым айының соңында жандануы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан мен Түркия арасында келесі айдың үшінші онкүндігінде авиарейстер қайта жандануы мүмкін. Бұл мәселені ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов пен Түркияның Көлік және инфрақұрылым министрі Әділ Қараисмаилоғлы телефон арқылы талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Тараптар екі елдің көлік саласындағы ынтымақтастығының биылғы І тоқсандағы қорытындысын шығарды. Теміржол көлігімен тасымал көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10% артып, 239 мың тоннаны құрады. Автомобиль көлігі саласында 42% өсім болып, 65,2 тонна болды. Транскаспий Халықаралық көлік бағытымен транзиттік тасымалдау көлемі 2 есеге ұлғайып, 7,4 мың контейнерге жетті.

Сонымен қатар, министрлер екі елде де эпидемиологиялық ахуал жақсарған жағдайда барлық санитарлық талаптарды сақтап және жолаушылар үшін қолайлы жағдай жасай отырып, ағымдағы жылдың маусым айының үшінші онкүндігінде әуе рейстерін қайта жандандыру мүмкіндігін талқылады», - делінген ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ақпаратында.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT