Қазақстан туралы бейнеролик белді халықаралық сыйлықтың жеңімпазы болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Pacific Asia Tourism Association қамқорлығымен онлайн форматта өткен PATA Gold Awards жыл сайынғы беделді шарасында «Үздік тревел видео» номинациясында «Travelstan» ролигі жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясының» атап өтуінше, роликтің басты мақсаттарының бірі - белгілі бір топтардағы «STAN» жұрнағына деген теріс қатынасты жою. Осы уақытқа дейін ролик бүкіл әлем бойынша 480 миллионнан астам рет трансляцияланған.

Бұл, Қазақстан туралы тревел-роликтердің халықаралық аренадағы алғашқы жеңісі емес. Өткен жылдың сәуір айында «Біз қайда ұшамыз?» видеосы Болгарияда өткен «On the east Coast of Europe» XVI халықаралық туристік фильмдер фестивалінде «Туристік дестинация» аталымында 90 секундқа дейінгі ең үздік жарнамалық бейнеролик ретінде танылды.

Ал сол жылдың қыркүйегінде жоғарыда аталған екі ролик те «Аумақтарды таныстыру және «Белсенді демалыс пен ойын-сауық объектілері» аталымдарында Ресейдегі «Диво Евразии» III туристік бейне және анимация фестиваль-конкурсында жеңіске жетті.


Соңғы жаңалықтар