Қазақстан тумасын АҚШ бас банк реттеуіші етіп тағайындамақ – БАҚ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – АҚШ президенті Джо Байден Корнель университетінің банк құқығы профессоры, Қазақстан тумасы Сәуле Омарованы АҚШ-тағы банк секторының негізі реттеуіші - Ақша айналымын бақылау басқармасының басшысы (Office of the Comptroller of the Currency, OCC) етіп тағайындамақ. Бұл туралы Bloomberg жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Басылымның дереккөзінің мәліметінше, Омарованың ресми кандидатурасы осы аптада ұсынылуы мүмкін. Егер ол осы қызметке бекітілсе, Қазақстан тумасы 1863 жылы негізі қаланған банк реттеуішін басқаратын алғашқы әйел болады.

OCC - АҚШ Қаржы министрлігінің тәуелсіз бөлімшесі. Реттеуші 1200 триллион долларлық активтері бар 14 банкті бақылайды, бұл АҚШ-тың банк жүйесінің барлық активтерінің үштен екісін құрайды.

Сәуле Омарова Корнель университетінің банк құқығы профессоры, ММУ (1989), Висконсин университетінің (1999) және Солтүстік-Батыс университетінің (2001) түлегі, Заң саласының докторы. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.


Фото: twitter.com/STOmarova
Соңғы жаңалықтар