Қазақстан төтенше жағдайларда Армениямен ынтымақтастық жөніндегі келісімді ратификациялады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Арменияның төтенше жағдайлардың алдын алу саласындағы ынтымақтастық жөніндегі келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», делінген хабарламада.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Соңғы жаңалықтар