«Қазақстан темір жолының» лауазымды қызметкерлері парамен ұсталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазақстан темір жолы» компаниясының лауазымды қызметкерлері вагондарды кедергісіз өткізу үшін пара алып келген. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жемқорлық жағдайлары «ҚТЖ» ҰК» АҚ-та да жиі кездеседі. Ол компаниядағы жекелеген жетекшілер вагондарды кедергісіз өткізу ұщін кәсіпкерлерден ірі көлемде пара алып келген. Мұндай жағдайлардың Алматы, ШҚО, Қостанай, Ақмола, Қызылорда, Павлодар облыстары мен Шымкентте тіркелді», - деді спикер Агенттіктің онлайн режимдегі баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша жемқорлар өздері ұйымдастырған қылмыстық жоспардың арқасында едәуір байып алған.

«Пара көлемі 100 мың теңгеден бастап 5 миллион теңгеге дейін болған. Бұл істерде ондаған миллион теңгенің жағдайлары тергелуде», - деді Данияр Бекайдаров.


Соңғы жаңалықтар