+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

«Қазақстан темір жолы» компаниясы пойыздардың неге кешігіп жатқанын түсіндірді

2021 жылғы 5 мамыр 16:30
Бөлісіңіз:
«Қазақстан темір жолы» компаниясы пойыздардың неге кешігіп жатқанын түсіндірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы пойыздар қозғалысы кестесінің бұзылуына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Компания баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, қазіргі кезде «ҚТЖ» ҰК» АҚ желісінде теміржолды жөндеу бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіліп жатыр.

«Жөндеу жұмыстарына байланысты белгілі бір учаскеде пойыздар жылдамдығы кестеде қарастырылған жылдамдықпен салыстырғанда шектелуі мүмкін. Бүгінгі таңда 84,7 шақырым жолға күрделі жөндеу жүргізілді. 14,6 шақырым жол күшейтілген орташа жөндеуден өтті. 34,5 шақырымда рельс тіреуін және 4 шақырымда жолтабанды жаппай ауыстыру жүргізілді», делінген хабарламада.

Жұмысты орындау кезінде ауыр типтегі жоғары өнімді машиналар: Duomatic түзету және қағу машинасы, DGS жол тұрақтандырғышы, RM қиыршық тасты тазарту машинасы және басқалары қолданылған.

«2021 жылы барлығы 580 шақырымнан астам теміржол күрделі жөндеуден өткізіледі. Ең көп жұмыс көлемі Қарағанды, Жамбыл магистральдық желі бөлімшелерінің учаскелерінде жоспарланған. Инфрақұрылымды жаңғырту қозғалыс қауіпсіздігін, жолаушылар мен жүк пойыздарының жылдамдығын арттыруға бағытталған», делінген хабарламада.

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы келтірілген қолайсыздық үшін жолаушылардан кешірім сұрай отырып, қалыптасқан жағдайға түсіністікпен қарауды сұрады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT