Қазақстан Тәжікстанға әскери-техникалық көмек көрсетуге қатысты келісімді ратификациялады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстанға әскери-техникалық көмек көрсетуге қатысты келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», - делінген хабарламада.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Соңғы жаңалықтар