Қазақстан тауларында SOS сигналын тарататын GPS девайстар орнатылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Kazakh Tourism компаниясы ұялы байланыс жоқ туристік визит орталықтарды SOS сигналын тарататын GPS девайстармен жабдықтамақшы, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Kazakh Tourism компаниясының басқарма төрағасы Ержан Еркінбаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифиингіде мәлім етті.

«Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жергілікті әкімдіктермен бірге ұялы байланыс мұнараларын орнатып болғанша біз Космостық теника және технология инстиутымен бірге таулардағы визит орталықтарды туристерді эвакуациялау девайстарымен жабдықтауды жоспарлап отырмыз. Бұл кішігірім GPS девайстар ешқандай байланыс жабыны жоқ жердің өзінде SOS сигналын бере алады. Мұндай девайстар биыл қолжетімді болады деп жоспарлап отырмыз», - деді Ержан Еркінбаев.

Сондай-ақ, ол Қазақстанның туристік орындарында ұялы байланыстың болмауы келушілер үшін қосымша қолайсыздық туғызып жатқанын жеткізді.

«Байланыс таулы өлкелерде жоғалған туристерді іздеу үшін және коммунцикацияға ғана қажет деген түсінік болмауы керек. Байланыс қарапайым онлайн операциялар үшін де керек. Клиент тіпті ұлттық парктер көрсететін қызметтердің ақысын онлайн режимде төлей алуы қажет. Бүгінде ол қызметтің бәріне қолма-қол ақша арқылы төлем жасалып отыр. Бұл – біздегі туризмнің тағы бір кемшілігі», - деді Kazakh Tourism басшысы.


Соңғы жаңалықтар