Қазақстан тарихының көп томдығы әзірленіп жатыр

None
None
ҰЛЫТАУ. ҚазАқпарат – Тарихымыз Тәуелсіз елдің көзқарасымен жазылуы керек. Бұл туралы Ұлытау облысында өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Мен былтыр еліміздің академиялық үлгідегі жаңа тарихын жазу туралы тапсырма бердім. Қазір Қазақстан тарихының көп томдығы әзірленіп жатыр. Белгілі ғалымдарымыз жұмылып, осы маңызды іске атсалысуда. Мен өзім де бұл жұмысқа үлесімді қосамын. Оны келесі жылдың ортасында түбегейлі аяқтау керек. Дегенмен, мәселе уақытта емес, сапада», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осы орайда Президент тиісті ведомствоға тапсырма берді.

«Тарихымыз жүйелі, шынайы, ең бастысы, Тәуелсіз елдің көзқарасымен жазылуы керек. Ғылым және жоғары білім министрлігіне мұны айрықша қадағалауды тапсырамын. Қажет болса, шетел ғалымдарын да тартуға болады», - деді Мемлекет басшысы.
«Біз тарихтан тағылым ала білген халықпыз. Бүгін қайта жалғасын тапқан құрылтайды төл тарихымызға тағзым деп айтуға болады. Осы құрылтай да ертең ұлт шежіресінің бір белесіне айналатыны анық. Елдің тарихи жадын жаңғырту үшін үйлесімді саясаттың болуы ерекше маңызды. Осы орайда біз ел дамуының жаңа басымдықтарын белгілеп алуымыз керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Президент бір кездері ұмытылып кеткен ұлт перзенттерінің есімін қайта жаңғырту керек екенін атап өтті.



Соңғы жаңалықтар