Қазақстан «Танк биатлоны» финалында «алтын» үшін күреседі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Мәскеу облысындағы «Алабино» полигонында «Танк биатлоны» конкурсының көптен күткен ақтық сайысы өтеді. Соңғы жарыста Қазақстан көк түсті танкімен өнер көрсетеді. Бірінші дивизонда еліміздің әскерилерінен бөлек Ресей, Беларусь және Әзербайжанның танк экипаждары жарыс жолына шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

«Танк биатлонының» «алтыны» үшін соңғы сайысқа шығатын танкішілеріміздің өнерін Нұр-Сұлтан қаласы уақытымен кешкі саат 19-30-да (Мәскеу уақытымен сағат 16-30) «Звезда» телеарнасының https://tvzvezda.ru сайтынан тікелей эфирден көруге болады.

Естеріңізге сала кетсек, жартылай финалда Қазақстан өз тобындағы Қытай, Әзербайжан және Сербия командаларынан басым түскен болатын. Жалпы, биыл «Танк биатлонына» Қазақстан, Ресей, Қытай, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Иран, Моңғолия, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан сынды 25 мемлекет қатысты.




Соңғы жаңалықтар