+7 (701) 759 90 19
USD 425.02 EUR 498.17
RUB 5.85 CNY 65.85
Jańalyqtar

Қазақстан тағы бір қытайлық вакцинаны сатып алуды жоспарлап отыр – Алексей Цой

2021 жылғы 28 шілде 20:21
Бөлісіңіз:
Қазақстан тағы бір қытайлық вакцинаны сатып алуды жоспарлап отыр – Алексей Цой

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан коронавирусқа қарсы тағы бір қытайлық вакцина сатып алуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО-да жарты миллион адам коронавирусқа қарсы вакцина алды Қарағандыда кеншілер мен металлургтер арасында екі автокөлік ойнатылды Алматыда бір тәулікте 6 мыңнан астам адам вакцина алды

«Қазір қытайлық жаңа вакцинаны сатып алу жоспары тұр, оны әріптестерімізбен пысықтап жатырмыз және вакцинаны ДДСҰ аккредиттеуден өткізеді. Сондықтан біз үшін вакцинаны мүмкіндігінше тезірек ел ішіне жеткізу өте маңызды. Сондықтан қайта бөлінген кезде нақты келісімшарттар жасалады, оның сомасын сіздерге жариялаймыз. Қазір келісімшартқа қол қою кезеңі жүріп жатыр», - деді Алексей Цой Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Айта кетейік, 2021 жылға вакцина сатып алу үшін 95 млрд теңгеден астам қаражат жоспарланған.

Соның 61 млрд теңгесі вакциналар мен оны егуге қажет шприц алу үшін жұмсалды.

Сонымен бірге, Жамбыл облысында QazVac өндіретін зауыт жұмысын бастады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT