Қазақстан соңғы 30 жылда дамудың үлкен жолын жүріп өтті – Ласло Кевер

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан дамудың үлкен жолынан өтті. Мұндай пікірді Еуразия елдері парламенттері төрағаларының IV Кеңесіне қатысуға келген Венгрия Парламентінің спикері Ласло Кевер айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан соңғы 30 жыл бойы үлкен даму жолы мен процесін бастан өткерді. 1990 жылдан кейін Венгрия да демократиялық даму жолына түскен еді. Біз де өте ұзақ жолдан өттік. Қазақстанның тұрақтылық әрі табыс деңгейіне зор құрметпен қараймын. Әр елдің өз мәдениеті мен дәстүрі, демократия мен парламентаризмге қол жеткізуде әртүрлі жолы бар. Яғни, әр елдің өзіндік моделі бар екенін айтқым келеді. Бірде-бір модельді, бірде-бір үлгіні біз басшылыққа алып, ілгерілей алмаймыз. Әр елдің өз жолы, өз даму процесі бар», - деді ол БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Сонымен қатар ол жалпы Парламенттің рөліне қатысты ойымен бөлісті.

«Парламент рөлі барлық уақытта да тарихи сәтке байланысты. Мәселен, Венгрияда демократияның алғашқы жылдарында Парламент рөлі заң шығармашылық салада жүргізілді. Ол кезде біз жаңа заңдар қабылдауымыз қажет еді. Сәл кейінірек, процесіміздің екінші жартысында бақылау процесіне көшіп, атқарушы органдардың қызметін қадағаладық. Депутаттар барлық уақытта да өз сайлаушыларының мүддесін қорғауы тиіс», - деді Ласло Кевер.


Соңғы жаңалықтар