Қазақстан Солтүстікатлантикалық альянсымен екіжақты қарым-қатынастың болашағын оң бағалайды - ҚР СІМ

None
None
АСТАНА. 5 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада ҚР Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов НАТО Парламенттік Ассамблеясының Президенті Карл Ламерспен кездесу өткізді. Бұл жайында ҚР Сыртқы істер министрлігі мәліметтерінде айтылған.

Қазақстан Республикасы Солтүстікатлантикалық альянсымен екіжақты қарым-қатынастың болашағын оң бағалайды. Осы жылдың мамыр айында министр Е.Қазыхановтың басшылығымен қазақстандық делегация НАТО-ның Чикагода өткен саммитінің жұмысына қатысты. Қазақстан Республикасы мен НАТО арасындағы тұрақты кеңестер аймақтық және халықаралық мәселелерді шешуде өзара тиімді ұстанымдарды жасап шығаруда үлкен маңызға ие.

Орталық Азиядағы қауіпсіздік туралы айта келе, ҚР СІМ басшысы Қазақстан Альянс елдерімен Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыруға, соның ішінде осы елге гуманитарлық көмек көрсету арқылы ынтымақтастықты жалғастырып келе жатқанын атап өтті.

Сыртқы саяси ведомствосының басшысы Қазақстан жыл сайын өз аумағында Альянс мемлекеттерінің қатысуымен «Дала қыраны» халықаралық оқуын өткізетінін еске салып өтті. Осы айда Алматыда «Дала қыраны-2012» әскери оқулары жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар