+7 (701) 759 90 19
USD 413.12 EUR 452.86
RUB 5.82 CNY 57.92
Jańalyqtar

Қазақстан шекарасынан өтетіндер 10 есеге азайды - ҰҚК

2020 жылғы 12 наурыз 11:31
Бөлісіңіз:
Қазақстан шекарасынан өтетіндер 10 есеге азайды - ҰҚК

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирусқа байланысты бір айда Қазақстан шекарасынан өтетін адамдар саны 10 есеге азайды. Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздің комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры Дархан Ділманов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шекарадан өтетіндер айтарлықтай азайды. Бізде жылына 48 миллионға жуық адам өтеді, яғни олардың арасында біздің азаматтар мен өзге де елдердің азаматтары бар. Қазір бір айдың барысында 10 есеге азайғанын байқап отырмыз. Бұл түсінікті реакция (коронавирусқа қатысты), себебі адамдар өзінің денсаулығына алаңдайтыны белгілі», - деді Ділманов Сенатта тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Оның сөзіне қарағанда, шекара күзетінде тұрған әскерилер арасында карантинге жатқызылғандар жоқ.

Сонымен қатар Дархан Ділманов шекарадан өткендер коронавирусқа қатысты туындаған ахуалды жақсы түсініп жүргенін, сондықтан ешқандай келіспеушілік жағдайлар болмағанын атап өтті.

«Жолаушылар келген кезде, карантинге жіберілуі мүмкін екенін біледі. Бұл тұрғыда ешқандай проблема көріп тұрғанымыз жоқ», - деді Шекара қызметінің директоры.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT