Қазақстан Сауд Арабиясының проблемасын өз мүддесіне пайдалануға тырыспайды - Бозымбаев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан әріптесі Сауд Арабиясының проблемасын пайдаланып отыр деу әдепке жараспайды. Бұл туралы бүгін елордада өтіп жатқан XII Kazenergy Еуразиялық форумы аясында ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ең алдымен Қазақстан әріптесі Сауд Арабиясының проблемасын пайдаланып отыр деу әдепке жараспайды. Екіншіден, нарықтан өндірілетін не бәрі 5 млн тонна мұнай дегеніміз түкте емес. Қазіргі уақытта Қазақстан 1,85 млн барель өндіреді. Сондықтан біз тырысқан да жоқпыз. Себебі оны жаба алмаймыз. Үшіншіден, ОПЕК+ келісім аясындағы қатаң міндеттемеміз бар. Біз одан айнымаймыз және болжамды кезеңде, 2020 жылдың наурызына дейін орташа 1,860 млн барельден артық өндірмейміз», - деп жауап берді Қанат Бозымбаев БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Естеріңізге сала кетсек, 2018 жылдың желтоқсанында OPEC+ елдері мұнай өндіруді 1,2 млн баррельге қысқарту туралы кезекті шешім қабылдаған болатын. Қазақстан өндірісті 40 мың баррельге қысқарту бойынша өзіне міндеттеме қабылдап, осы шешімге қосылды.

Айта кетерлігі, 4 қыркүйек күні Сауд Арабиясындағы Абкайк мұнай өңдеу кәсіпорны мен Хурайс мұнай кен орнында екі мәрте болған шабуыл салдарынан кейін мұнай бағасы шарықтап кеткен еді.

Соңғы жаңалықтар