Қазақстан-Ресей жекелеген шекаралық учаскелеріне демаркациялау құжаттарының жобасы бекітілді

None
None
САМАРА. ҚазАқпарат - 23-27 қараша күндері Қазақстан – Ресей бірлескен демаркациялық комиссиясының 104-ші отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Тараптар Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасының жекелеген учаскелеріне демаркациялаудың қорытынды құжаттарының жобаларын бекітті. Мемлекеттік шекара сызығының жекелеген учаскелерін белгілеуге байланысты кешенді мәселелерді талқылап, алдағы жылға арналған жұмыс жоспарларын нақтылады.

Келіссөздер дәстүрлі достық және сындарлы жағдайда өтті.

Комиссияның келесі отырысы 2021 жылдың ақпан айында өтеді», - делінген ҚР Сыртқы істер министрлігінің ақпаратында.


Соңғы жаңалықтар