Қазақстан Президентінің Түрікменстанға сапарынан видеошолу

None
None
АШХАБАД. ҚазАқпарат - ҚР Президентінің Телерадиокешені Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түрікменстанға жасаған жұмыс сапарына видеошолуды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қ. Тоқаев ТМД Мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына қатысу үшін Түрікменстанға барған болатын. Сапар аясында Ашхабадта аталмыш ел Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесіп, әртүрлі халықаралық формат шеңберіндегі өзара іс-қимылдар секілді ауқымды мәселелерді талқылады.

Кейін ТМД Мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына қатысты.

Шараға Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан елдерінің көшбасшылары келді.

Кеңес отырысының қорытындысы бойынша бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылды.

Соңғы жаңалықтар