Қазақстан Президенті Нұрлан Нығматулинге бірқатар тапсырма берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулинді қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Кездесу барысында Мемлекет басшысына Мәжілістің қазіргі жұмыстары, нәтижелері мен заң шығару жұмыстары, сондай-ақ, биыл 23-24 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің IV кеңесін өткізудің дайындық барысы жөнінде баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі жүргізіліп жатқан реформаларды және заң жобаларының уақтылы қабылдануын сапалы әрі заңдық тұрғыдан сүйемелдеу қажеттігін айтты.

Кездесу соңында Қазақстан Президенті бірқатар нақты тапсырма берді.

Соңғы жаңалықтар