Қазақстан Президенті Кенотаф ескерткішіне гүл дестесін қою рәсіміне қатысты

None
None
ХИРОСИМА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Хиросимаға сапары аясында 1945 жылы атом бомбылауынан қаза тапқандарды еске алуға арналған Кенотаф ескерткішіне гүл дестесін қою шарасына қатысты. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Бейбітшілік мемориалды музейінің жәдігерлерін көріп шықты, деп хабарлайды ҚазАқпараттың арнаулы тілшісі Хиросимадан.

Алдымен Назарбаевтың құрметіне «Заман-ай» әнін хор орындаушылары қазақ және жапон тілінде орындады. Бүгінгі күні бұл ән Қазақстанның ядролық сынақ алаңын жабу жолында күрескен азаматтар қозғалысының символына айналған. Мұнан бөлек, Қазақстан Президенті музейдің құрметті қонақтарына арналған кітабына естелік жазба қалдырды.

Айта кетерлігі, Кенотаф ескерткіші 1945 жылы Хиросима қаласы атом бомбалауы салдарынан толықтай жойылып кеткен бұрынғы Накадзима аумағындағы Бейбітшілік мемориалды саябағында орналасқан. Жыл сайын 6 тамызда Жапонияның ресми тұлғалары мен шетелдік қонақтардың қатысуымен атом бомбалауынан қаза тапқандарды еске алуға арналған шара өткізіліп тұрады.

Бейбітшілік мемориалды музейі де осы саябақта орнатылған. Ол негізгі және шығыс корпусынан тұрады. Бас корпуста Жапонияның атом бомбасына ұшырауымен байланысты жарылыстың зұлмат зардаптарын паш ететін материалдар қойылған. Ал Шығыс корпусы атом бомбалаудың алғышартына, Жапонияның екінші дүниежүзілік соғысқа қатысуына және жалпы ядролық ғасыр туралы жалпы ақпараттарға арналған. 

Соңғы жаңалықтар