+7 (701) 759 90 19
USD 411.54 EUR 458.13
RUB 5.84 CNY 57.64
Jańalyqtar

Қазақстан Президенті ЕАЭО-да тауар таратудың ортақ желісін құруды ұсынды

2020 жылғы 19 мамыр 18:13
Бөлісіңіз:
Қазақстан Президенті ЕАЭО-да тауар таратудың ортақ желісін құруды ұсынды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын құрамдағы онлайн отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ЕАЭО елдеріне тауар таратудың ортақ желісін құруды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүкіл әлемде дағдарыс жағдайында сатып алушы сұранысы төмендеп, кәсіпорындар жабылады, тарихи көлік байланыстары үзіледі. Мұндай кезде көлік-логистикалық қызметтерді дамыту қажет. Елдеріміз географиялық тұрғыда оңтайлы орналасқан. Алайда, қолда бар әлеует әлі жүзеге асырылған жоқ. Бұл жұмыстар аясында біз ұлтүстілік тауар өткізу жүйесін құруға кірісіп кеттік. 2020 жылға қарай ол 24 көтерме-тарату орталығынан тұратын болады», - деді ҚР Президенті.

Мемлекет басшысының айтуынша, бұл шамамен 5 млн тонна агроөнімді сақтауға, өңдеуге және таратуға мүмкіндік береді.

«Одақтың мүдделік танытатын елдеріне тауар таратудың ортақ желісін құру мүмкіншілігін қарастыруды ұсынамын. Сонымен қатар Одағымызға мүше мемлекеттерге бұл бастамаға инвесторлар, мердігерлер, пайдаланушылар ретінде белсенді қатысуды ұсынамын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT