Қазақстан Президенті Ашхабад қаласына жұмыс сапарымен барды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Каспий маңы мемлекеттері басшыларының алтыншы саммитіне қатысу үшін Ашхабад қаласына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовпен және Түрікменстанның бұрынғы Президенті, Халық Мәслихаты Ұлттық кеңесінің төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездеседі.


Соңғы жаңалықтар