Қазақстан полициясы қоғамда тәртіпті сақтау үшін іске волонтерларды тартқалы отыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ішкі істер министрлігі қоғамда тәртіпті сақтап, жоғалып кеткендерді іздеу жұмысына волонтерларды тартқалы отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 2020 жыл – Волонтер жылы болып жарияланғаны белгілі. Қазақстандық полиция халықтың белсенділерін қоғамдық тәртіпті сақтау шараларына, оның ішінде бірлесіп патруль жүргізу және із-түзсіз жоғалғандарды іздеу үшін арнайы құқықтық топты тартуды жоспарлап отыр. Полициямен бірге жұмыс істейтін еріктілерге арнайы күртеше, байланыс үшін радиостанса еріледі», - деп хабарлайды ІІМ-нен.

Қоғамды, оның ішінде еріктілер қозғалысын құқық қорғау, іздестіру қызметіне тарту және учаскелік полиция инспекторларына қылмыстың алдын алуға көмектесу бойынша министр Ерлан Тұрғымбаевтың бастамасы барлық аймақта жүзеге асырылмақ. Қазіргі уақытта министрлік жоғары оқу орындарымен және жастар ұйымдарымен келіссөз жүргізуде.

«28-ші қысқы қысқы Универсиада-2017 кезінде (3 мың адам), сондай-ақ ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесі (1500 адам) өткен тұста ішкі істер органдары еріктілермен өзара әрекеттесе жұмыс жүргізудің оң тәжірибесін жол қойған еді. Халықаралық іс-шаралар өткізілгенде еріктілер нысан-нысанға таратылған болатын. Волонтерлар меймандармен жұмыс жүргізу дағдысын үйренді. Ауысым алдында әртүрлі өмірлік жағдайлар мен заңсыз әрекеттер кездескенде кездегі әрекет ету нұсқаулығы үйретілген еді. Полиция мен еріктілердің бірлескен күш-жігерінің арқасында қылмыстар мен құқықбұзушылықтардың жолы кесілді», - делінген хабарламада.

Министрліктің хабарлауынша, қазірдің өзінде волонтерлар жоғалған балалар мен қарттарды іздеу, резонансты қылмыстарды ашу ісіне белсене араласып, әртүрлі жағдайда көмек қолын созуда.

«Мәселен, жергілікті еріктілер полицияға Қарағанды облысының Шет ауданында қыркүйекте ұрланған баланы табуға көмектесті. Қостанай облысында полиция мен еріктілердің бірлескен жұмысының арқасында жоғалған 20-дан астам адам табылды. Олардың арасында балалар мен жасөспірімдер де бар. Волонтерлар сонымен қатар, есірткі сайттарының атаулары тұрған жазаларды өшіруге көмектесіп, есірткі қылмыстарымен күресте үлестерін қосып келеді», - деп хабарлайды министрліктен.

Соңғы жаңалықтар