+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Қазақстан полицейлері украиналық әріптестермен тікелей байланысатын болады - заң

2020 жылғы 16 қыркүйек 12:27
Бөлісіңіз:
Қазақстан полицейлері украиналық әріптестермен тікелей байланысатын болады - заң

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан мен Украина арасындағы қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ауыр қылмыс жасап, іздеуде жүрген Ресей азаматы Қазақстаннан ұсталды Сенат баж сомасын бөлудің жаңа нормативтерін бекітетін ЕАЭО хаттамасын мақұлдады Алматыда 12 пәтер ұрлығына қатысы бар деген күдікпен ағайынды екі жігіт ұсталды

«Қазақстан мен Украина арасындағы қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы шартты ратификациялауды ұсынып отырмыз. Шартқа 2018 жылдың 29 қазанында қол қойылған. Жалпы, қазір екі ел арасындағы қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек 1993 жылғы Минск конвенциясы бойынша жүзеге асырылуда. Содан бері ширек ғасыр өтті. Көп нәрсе өзгерді. Әсіресе заңнамаға елеулі өзгерістер жасалды. Жаңа тергеу амалдары пайда болды. Мұндай процесс Украинада да бар. Ескерте кетерлігі, конвенция мен ұсынылып отырған шарт арасында ешқандай қайшылық жоқ. Керісінше олар бір-бірін толықтырады, біраз норманы нақтылайды», - деді аталған құжат туралы баяндама жасаған ҚР Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов.

Осы ретте ол ұсынылып отырған шартқа тоқталды.

«Бұл шарт қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек беру мәселесін реттейді. Екі елдің құзырлы органдарына күдікті мен айыпталушының кінәсін дәлелдеу бойынша кешенді тергеу амалдарын қамтиды. Әрине, шарт үлгілік негізде жасалған. Мұндай екіжақты шарт 27 елмен бар. Дегенмен, бұл келісімнің бірқатар ерекшелігін айтар болсақ, алдымен құжат құқық қорғау органдарының украиналық әріптестермен тікелей байланыс жасауға мүмкіндік береді. Бұл екі жақ үшін де маңызды норма және қылмыспен күрес бағытында өзара сенімді білдіреді. Одан басқа тергеу жұмысының жеделдігін арттырады. Бірқатар құзырлы орган арасында мұндай тікелей байланыс адам құқықтарына қатысты болмауы тиіс. Себебі бұл мәселе прокуратура органдарының құзіретіне жатады», - деді ол.

Оның атап өтуінше, тағы бір ерекшелік шарт бойынша қажет жағдайда бірлескен тергеу топтарын құруға болады.

«Шартты ратификациялау экономикалық-әлеуметтік және саяси кері әсер етпейді. Оны іске асыру бюджеттен қосымша қаржы талап етпейді»», - деді Марат Ахметжанов.

Мәжіліс депутаттары аталған құжатты талқылаудан кейін мақұлдап, Сенат қарауына жіберу туралы шешім қабылдады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT