Қазақстан полицейлері ТМД елдерінде бой тасалап жүрген 93 адамды ұстады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан полицейлері «Іздеу» операциясы барысында ТМД елдерінде бой тасалап жүрген 93 адамды ұстады. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткен аптада Ішкі істер министрлігі ТМД елдеріндегі әріптестерімен бірігіп, «Іздеу» операциясын жүзеге асырды. Шара барысында іздеуде жүрген 240 күдікті қолға түсті. Қазақстан полицейлері Достастық елдерінде бой тасалап жүрген 93 азаматты ұстады. Сонымен қатар, осы уақытқа дейін жоғалып кеткен 89 адам анықталды», - деді ресми өкіл ІІМ-нің Facebook парақшасында өткен брифинг барысында.

Нұрділдә Ораздың айтуынша, өткен аптада 3 378 қылмыс пен құқық бұзушылық тіркеліп, ішкі істер органдары қызметкерлерінің жедел әрекет етуі нәтижесінде 2 199 қылмыс ашылған.



Соңғы жаңалықтар