Қазақстан өзін авиаотынмен толық қамтамасыз ете алады – Энергетика министрлігі
Энергетика министрлігінің редакция сауалына жолдаған жауабына сүйенсек, қазақстандық мұнай өңдеу зауыттары ішкі нарықтың авиаотынға деген сұранысын толығымен қамтамасыз етіп отыр.
«Ішкі нарықтың авиаотынға сұранысы жылына шамамен 550-600 мың тоннаны құрайды. 2021 жылы авиаотын өндірісі 590,2 мың тонна көлемінде жоспарланған», - деп жазады министрліктегілер.
Ведомствоның баспасөз қызметі республика бойынша мұнай өндірудің өзіндік құны әр кені орнында әрқалай екенін айтады
«Өнімді өткізу, кедендік баж бен рента салығы, әкімшілік-қаржылық және өзге де шығыстар кен орындарындағы мұнай өндірісінің өзіндік құнын әр түрлі етіп отыр, яғни қатты айырмашылықтар бар. Баррельге шақсақ, 30 даллардан 50 долларға дейін құбылады», - деп жазылған министрліктің жауабында.