Қазақстан өз әдеби мұрасын әлемдік мәдениеттің алтын қорына қоспақ - шетелдік аудармашылар

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Тұңғыш Презденті Нұрсұлтан Назарбаев бастаған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы Қазақстан халқының білім, өнер, әдебиет және тарих саласында жаңғыруына мүмкіндік берді. Осындай ойымен бүгін алғашқы 60 автордың әлем тіліне аударылған кітаптарының тұсаукесерінде Кембридж университеті Халықаралық серіктестік бөлімінің жетекшісі Энни Мишейлидоу бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы қазақ әдебиетінің әлеуетін ашуға, арттыруға ықпал ететін ауқымды жоба. Осы бағдарлама экономикалық реформаларды білім беру, өнер, әдебиет және тарих саласындағы жаңғырумен ұштастырмақ.null

«Қазақ прозасы мен поэзиясы антологияларын ағылшын тіліне аударып, жариялауды Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы табысты қарым-қатынасқа үлес қосатын жоба ретінде бағалаймыз. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға атсалысуымыз - біз үшін асқан мәртебе және бұл қарым-қатынасымыз алда да жалғаса береді деп сенеміз», - деді Энни Мишейлидоу.

Ал француз тілінің өкілі, «Мишель де Моль» баспасының директоры Тьери де ля Круа қазіргі қазақ әдебиеті антологияларын француз тілінде басып шығару «Мишель де Моль» баспасына бұйырған үлкен мәртебе екенін айтты. «Теңізбен ұштасқан көкжиекке бататын күн сәулесін Шығысқа ала келіп, бүгін осы жиынға қатысу мен үшін үлкен қуаныш. Қазақ халқы осы тамаша бастаманың арқасында ақша мен экономика туралы ғана айтатын әлемге өз жан дүниесін танытуға мүмкіндік алды. Өз тарихын, салт-дәтүрін, өмірдің поэтикалық мәнін баяндай бастады. Бұл істерге біз тек сүйсіне қызыға қараймыз», - деді француз баспасының өкілі.

Испандық «Визор» баспасының өкілі Давид Флорес былтыр қараша айында Даму мақсатындағы халықаралық серіктестік агенттігінің қолдауымен Мадридте Қазақстан мәдениеті мен әдебиеті орталығы ашылғанын тілге тиек етті.

«Қазіргі таңда жүзеге асып жатқан заманауи қазақ әдебиеті антологияларының испан тіліне аударылуы қазақ әдебиеті мен мәдениетінің испантілді әлемге танылуы мен таралуына ықпал етті. Бұдан былай да қазіргі заманғы қазақ ақын-жазушыларының шығармалары испан тіліне, ал испан әдебиеті қазақ тіліне аударылып, әдеби сабақтастық жалғаса береді деген сенімдеміз. Бұның жалғасы ретінде былтыр қараша айында Даму мақсатындағы халықаралық серіктестік агенттігінің қолдауымен Мадридте Қазақстан мәдениеті мен әдебиеті орталығы ашылды», - деді ол.

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Рухани жаңғыру» сынды маңызды стратегиялық бағдарлама аясында жүзеге асып жатқан «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасына араласқаныма өзімді ерекше бақытты сезінемін. Осы жоба аясында қазақ әдебиеті жауһарлары араб тіліне аударылуы - қазақ елі мен араб әлемін байланыстыратын алтын көпір іспеттес», - деді «Media Hab» баспасының директоры Абдулрахим Абдулуахид.

Қытай баспасының өкілі Пьяо Он Ры Қазақстан әдебиеті мен мәдениетін өзге әлемге таныстыру бұрын-соңды болмаған жоба деп бағалады.

«Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Рухани жаңғыру» бағдарламасының маңызды тармағы. Қазақстан әдебиеті мен мәдениетін өзге әлемге таныстыру бұрын-соңды болмаған жоба. Қытай мен қазақ мәдениеті ұқсас. Қытайдағы «Бір белдеу - бір жол» стратегиялық үндеуі мен Қазақстанның «Нұрлы жол» стратегиялық жоспары барынша қабысып, екі елдің мәдениет ауыс-түйісі үздіксіз тереңдеп келеді. Баспамыз Қазақстанда тығыз қарым-қатынас орнатып, екі елдің таңдаулы кітаптарын өзара аударып, басып шығаруда. Осы орайда екі ел мәдениетін байланыстырушы көпір қызметін атқарып отырғанымызға қуаныштымыз», - деді Қытай тілінің өкілі Пьяо Он Ры.

Айта кету керек, бүгін Алматыда қазақ авторларының БҰҰ 6 тіліне аударылған антологияларының тұсаукесері өтті.null

Соңғы жаңалықтар