+7 (701) 759 90 19
USD 414.46 EUR 451.35
RUB 5.77 CNY 58.12
Jańalyqtar

Қазақстан Орталық Азияның ашылуына орай саяси реформаларды өткізуде - Economic Times

2019 жылғы 26 желтоқсан 18:41
Бөлісіңіз:
Қазақстан Орталық Азияның ашылуына орай саяси реформаларды өткізуде - Economic Times

НЬЮ-ДЕЛИ. ҚазАқпарат – Үндістанның жетекші баспасөзінің бірі «Economic Times» 2019 жылдың 26 желтоқсанында Қазақстандағы негізгі саяси өзгерістеріне арналған мақала жариялады. Мақала авторы Дипанджана Рой Чоудри онда еліміздегі саяси реформаның барысына назар аударған екен. «ҚазАқпарат» ХАА аталған мақаланың аудармасын жариялауды жөн көрді.

* * *

Орталық Азияның негізгі мемлекеттерінде саяси реформалар бастама алуда. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 20 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда, немесе өзінің бұрынғы атымен белгілі Астана қаласында өткен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысы барысында митинг өткізу секілді сезімтал мәселелер бойынша маңызды саяси реформалар топтамасын атап өтті.

«Бүгінде балама көзқарастан қорықпау процесі жүруде. Билік келіспеушілік – бұл деструктивті, қоғам үшін қауіпті құбылыс деп есептемейді», - деді Тоқаев мырза Кеңес отырысында.

Осылайша ол өзінің «әртүрлі көзқарас – бір ұлт» формуласы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде тікелей іске асып жатқанын атап өтті.

«Бұл тек ұран немесе идея ғана емес, ал нақты әрекет. Алғашқы отырыста Ұлттық кеңестің күн тәртібіне ауқымды мәселелер спектрі енгізілді. Барлық ұсыныстар мен бастамалар ескерілді. Тиісті механизмдер мен процестер іске қосылды. Жұмыс жалғасуда», - деді ол.

Тоқаев «өте сезімтал» деп атайтын салада мемлекет нақты нәтижелерге қол жеткізу үшін өзінің саяси еркіндігін көрсетіп, бұл тақырып Кеңес жұмысының екінші кезекте қалатынын күткен көптеген сарапшылардың пікірін жоққа шығарды.

«Саяси жаңғырту қажеттілігіне күмән келтірмеудің маңызы туралы мен Қазақстан халқына Жолдауымда айтқан болатынмын», - деді Қазақстан Президенті.

Заң қабылданғаннан кейін бейбіт митингтер тек тиісті билік органдарына ғана хабарлауды талап ететін болады. Тоқаев мырза адамдар арасында «митингілер мәдениетінің» насихатталуы тиіс екенін атап өтті.

«Қоғам мен мемлекетке өз ұстанымын жария етуге барабар қарайтын уақыт келді. Бұл амалсыз шара және оған еріксіз емес, саналы түрде келген дұрыс. Митингтер тек құқық қана емес, жауапкершілік екенін түсіну қажет», – деді Тоқаев мырза.

Президенттің айтуынша, «мүлдем жаңа заң» болатын заң жобасы бейбіт митингілердің барлық нысандарын нақты анықтайды, жергілікті атқарушы органдардың өткізу орындарын және ұйымдастырушы, қатысушы және бақылаушы мәртебесін, сондай-ақ олардың құқықтары мен міндеттері секілді терминдерді анықтау бойынша құзыретін бекітеді.

Саяси өмірге тең қатысу үшін тосқауылдарды азайту және азаматтық қатысу мүмкіндігін кеңейту мақсатында саяси партия мүшелері санының төменгі шегі 40 мыңнан 20 мыңға дейін төмендетіледі. Тоқаев мырза партиялар мен сайлау туралы заң да біртіндеп өзгертілуі тиіс екенін атап өтті.

«Біз баламалы көзқарастар мен пікірлері бар жаңа әлеуметтік парадигманың басты шартын түсінуіміз керек. Өткен жылдары мұнда әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге қатысқан белсенді азаматтар болды. Біз балама пікірлер мен көпшілік пікірі стагнацияға әкелмейтінін, керісінше, дамудың негізгі талаптарының бірі болып табылатынын түсіндік», - деп, Тоқаев Қазақстан Парламентінде саяси топтар азшылығының қатысуын кеңейту қажеттігін атап өтті.

Сонымен қатар, саяси партиялар өз қатарына сайланатын тізімде әйелдер мен жастардың саны кемінде 30% құруын қамтамасыз етуге міндетті болады. Бұл дауыстар шешім қабылдау процесін күшейтуге көмектеседі.

«Біз тәуелсіздік эстафетасын білімді патриоттардың жаңа буындарына тапсыру үшін жастарға тек әлеуметтік қана емес, сондай-ақ қоғамдық-саяси лифтілер жасауымыз керек», - деді Тоқаев.

Квота саяси партияларды түрлі әлеуметтік топтармен неғұрлым белсенді жұмыс жасауға ынталандыратын болады.

Сондай-ақ, Тоқаев мырза Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне өлім жазасын жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқық туралы халықаралық пактіге және оның Екінші Факультативті хаттамасына қосылу рәсімдерін бастауды тапсырды. Қазақстан 2003 жылғы желтоқсаннан бастап өлім жазасына мораторий сақтауда.

Тоқаев мырза үкімет әлі де саяси өзгерістер қажеттігін түсінетінін атап өтті. «Демократия жатсыну мен ыдырауға емес, даму мен жасампаздыққа қызмет етуі тиіс. Өз жұмысымызда біз дамудың жоғары мақсаттарына сүйенетін боламыз. Бұл жерде популизмге жол берілмеуі керек», - деді ол.

Қазақстан Президенті квазимемлекеттік сектордағы әлеуметтік маңызы бар мекемелердің директорлар кеңесінің құрамына азаматтық қоғам өкілдерін енгізу идеясын қолдады. Үкімет іріктеу рәсімін аяқтап, осы лауазымдарға кандидатураларды 1 наурызға дейін ұсынады.

«Менің квазимемлекеттік секторлар кәсіпорындарының санын, сондай-ақ олардың көп жағдайда тым артық қызметшілерін қысқарту туралы тапсырмама қоса мемлекеттік кәсіпорындардың бәсекелестік нарықтарға экономикалық тартылуын азайту жөнінде жұмыс жүргізу қажет», - деді Тоқаев мырза.

Елдегі шетелдік жұмысшылардың квотасы келесі жылы 40%-ға - 49 мыңнан 29 мың адамға дейін қысқартылатын болады. Үкімет жергілікті қызметкерлерді шетелдік жұмыс берушілердің кемсітуіне жол бермеу бойынша жұмысты жалғастырады.

Дипанджан Рой Чоудри, Economic Times, 26 желтоқсан 2019 жыл

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT