Қазақстан ОПЕК+ алдындағы міндеттемелерін орындайды - Қанат Бозымбаев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан ОПЕК+ келісімі міндеттемелерін орындайды. Бұл туралы бүгін елордада өтіп жатқан XII Kazenergy Еуразиялық форумында ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан өзінің міндеттемелерінен айнымайды. Бірқатар ел міндеттемелерді орындаудағы біздің мүмкіншіліктерімізге күдікпен қарайды. Біз жауапкершілігі зор серіктес ретінде міндеттемелерімізді орындайтындығызды мәлімдегім келеді. Бұл мәміле аяқталғанға дейін әріптестерімізге кепілдік берген дәлізде қаламыз. Бұл мәміле белгілі бір түрде мұнан ары да жалғасады деп үміттенеміз», - деді Қанат Бозымбаев.

Айта кетерлігі, 2018 жылдың желтоқсанында ОПЕК+ елдері мұнай өндіруді 1,2 млн баррельге қысқарту туралы кезекті шешім қабылдаған болатын. Қазақстан өндірісті 40 мың баррельге қысқарту бойынша өзіне міндеттеме қабылдап, осы шешімге қосылды.

«Мүмкіндігімізге қатысты айтар болсам, қысқа мерзімді жоспарда өзіміздің ірі жобаларымызды жүзеге асыруды жалғастырамыз. Бұл бірінші кезекте Теңізді кеңейту, Қарашығанақтағы мұнай өндіруді созу, Қашағанда мұнай өндіруді арттыру. Біз ОПЕК+ аясында өз міндеттемелерімізді орындайыз. Дегенмен, орта мерзімді келешекте, 2023-2025 жылдары мұнай өндіру көлемін көбейтеміз», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар