Қазақстан Оңтүстік Азия мемлекеттерімен әскери ынтымақтастықты дамытуда

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев Үндістан Республикасына ресми сапар жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үндістан қорғаныс министрі Раджнат Сингхпен өткен кездесу барысында бітімгерлік, жауынгерлік даярлық, киберқауіпсіздік, әскери білім мен ғылым саласындағы тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды.

Үндістан Премьер-Министрінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Аджит Довалмен өңірлік және жаһандық қауіпсіздік, қазіргі кезеңдегі қауіп-қатерлер, лаңкестікке, короновирус пандемиясына қарсы іс-қимыл мәселелеріне қатысты пікір алмасты.


Сапар аясында генерал-лейтенант Н.Ермекбаев бірқатар әскери бөлімдерді аралап, ол жерде жауынгерлік даярлықтың, тактикалық іс-қимылдың, әскерді басқару тәсілдерінің ерекшеліктерімен танысты.


Соңғы жаңалықтар