Қазақстан онлайн қызмет көрсетуден әлем бойынша 26-орында тұр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібіминистрі Асқар Жұмағалиев бизнеске қатысты қызметтер түрлерін автоматтандыру жұмыстары туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қызмет көрсету процесін жеңілдету үшін біз қызмет түрлерінін 80%-дан жоғары автоматтандырдық. БҰҰ мәліметі бойынша, біз бүгінгі таңда онлайн қызмет көрсету бойынша әлем елдері бойынша 26-орында тұрмыз. Бұл ауқымды жұмысты жалғастыратын боламыз. 2020 жылы қызмет түрлерін автоматтандыру деңгейі 90%-ден кем болмайды. Біз қазіргі уақытта бизнес үшін маңызды қызметтерді автоматтандыра алатынымызға сенімдіміз», - дейді Асқар Жұмағалиев елордада өткен кәсіпкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумда.

Ол бизнеске қатысты қызмет көрсетуді автоматтандыру мәселесіне тоқталып өтті.

«Мұны автоматтандыру үшін біз бірқатар заңнамалық нормалар әзірледік. Бізде бизнес үшін маңызды және қажетті, мысалы жер учаскесін беру немесе сәулет бойынша қызметтер бар», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар