Қазақстан ОІС-15 тобына кіреді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан ОІС-15 тобына кіреді. Бүл туралы бүгін ИЫҰ саммиті аясында өткен баспасөз мәслихатында Қазақстанның ИЫҰ жанындағы тұрақты өкілі Бақыт Батыршаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ислам әлемінің алдыңғы қатарлы, ірі 15 мемлекетінің тобын құру бастамасына келер болсақ, оған прнципиалды түрде қолдау бар. Кеше Елбасымыз өзінің баяндамасында осындай ұсыныс көтерді. Жалпы біз баяндамада мұндай ұсыныс жасалғаннан кейін біз шұғыл консультация өткіздік. Ол консультацияны не үшін жүргіздік? Себебі оны ұйымдастырушылық мәселелері көп. Яғни, жұмысты бастап кеттік деген сөз. Бірақ негізгі толықтай қолдау бар. Ендігі ретте тек осы жобаны жүзеге асыру, оның ережелерін анықтау сияқты мәселелер бар», - деді Батыршаев.

Сонымен қатар ол қазіргі уақытта аталған топқа кіру критерийлері анықталып жатқандығын айтты.

«Әрине экономикалық әлеуеті бойынша қарастырылады. Бұл топқа Қазақстан, БАӘ, Кувейт, Малайзия, Пәкістан кіреді. Яғни, экономикалық әлеуеті және басқа да факторлары ескеріліп іріктеледі. Дегенмен бүгін айтылып, ертең орындалады дейтін жайт емес. Өйткені, үлкен эксперттік кеңес керек. Өйткені, бұл маңызы үлкен шара. Сондықтан оған тыңғылықты дайындалу қажет», - деді ол.

Айта кетейік, кеше Ислам ынтымақтастық ұйымының ғылым және технологиялар жөніндегі саммитінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ислам ұйымының алдыңғы қатарлы он бес мемлекетін біріктіріп, OIC-15 форумын құруды ұсынған еді.

Соңғы жаңалықтар