Қазақстан мен Украина СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылғы 3 сәуірде Украина тарапының бастамасы бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Украинаның Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулебамен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Сұхбат барысында тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастыққа ерекше көңіл бөле отырып, кең ауқымды мәселелер бойынша Қазақстан-Украина қарым-қатынастарының қарқынды дамуына сенім білдірді. Алдағы іс-шаралар аясында өзара іс-қимыл форматын нақты талқылады.

COVID-19 коронавирустық инфекцияның таралу кезеңінде, оның ішінде екі мемлекеттің азаматтарын эвакуациялау бойынша көрсетілген көмек пен қолдау үшін өзара алғыс айтылды.


Соңғы жаңалықтар